Русский Сайттың толық нұсқасы

«АЭС энергия тапшылығын жойып, экономиканы ілгерілетеді», - сарапшы

Елде энергия тапшы. 2030 жылға дейін 6 млрд квт қуат көзі жетіспеуі мүмкін. Бұл – алаңдататын мәселе. Проблеманы шешудің бірден-бір жолы - атом электр станциясын салу, - дейді мамандар. Осы арқылы энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге болады. Бұдан бөлек, атом станциясы экономикалық әлеуетті арттырады. Өйткені, уран таблеткаларымен жұмыс істейді. Көлемі 1 текше сантиметр болмайтын уран отынынан өндірілетін энергия 1 тонна көмірмен немесе 500 текше метр газбен тең десек, бұл үнемдеудің ең оңтайлы тәсілі.

Бауыржан ИБРАЕВ, АТОМ ҒЫЛЫМЫ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бізге бірнеше станция керек Қазақстанға. Біз мемлекет ретінде дамиық, дамимыз деген ойымыз болса біз атом станциясынан ешқайда кете алмаймыз. Енді ертең термояд болады дейді, күн бар, жер бар, басқа бар дейді. Біреуі де атом станциясының қасына тұра алмайды. Біреуі де. Термояд болмайды, күн мен жердің сапасы да төмен, бағасы да қымбат. Екіншіден, тұрақты болу керек дейді. Біреуі де тұрақты емес.