Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қошқар ата қалдық қоймасының кері әсері 700 мың тұрғынға тиюде", - депутат

Бұл Маңғыстау облысындағы Қошқар ата қалдық қоймасы. Экологиялық тұрғыда өңірдегі ең қауіпті орын саналады. Мамандар мұнда 105 млн тоннадан астам түрлі қоқыс, соның ішінде 52 млн тоннаға жуық радиоактивті қалдық бар дейді. Бұл жерге рекультивациялау жүргізілуі керек. Бірақ жұмыс тоқтап тұр. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар белгісіз себеппен 4 рет аяқсыз қалған екен. Жұмыстың басталғанына бірнеше жыл өтсе де тек 20 пайызға орындалған. Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев улы көл тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқанын айтады.

Самат МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президенттің тапсырмасы бар 2024 жылдың аяғына дейін Қошқар ата көму жұмысы толық аяқталсын деген. Бірде-бір тапсырма орындалмай тұр ғой. Осы жұмыс бітпей тұр ғой. Енді бітпеуі елге, халыққа, жұртқа жасалған қастандық деп есептеймін. Біздер енді 1 қыркүйектен бастап жұмысқа шығамыз. Ары қарай тексеретін боламыз.