Елордада «Жастармен бірге» OPEN AIR фестивалі өтті. Шара арнайы Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылды. Шығармашылықты дамыту, бос уақытты дұрыс пайдалану, жалпы қабылетті шыңдауға арналған сайыстар өткізіліп, қала жастары мен қонақтар бақ сынады. Қатысушылар қуаттағыш, құлаққап, музыкалық колонкалар сынды сыйлақтармен марапатталды. Ал, әлеуметтік желіде Абай өлеңдерін оқудан үздік нәтиже көрсеткен 21 жастағы Бекзат Құлшар айфон 15 Про телефонының иесі атанды.
Бағдат АТЫМТАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жастарымыз үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді бүгін. Жас студенттер үшін 400 орындық студенттік жатақхана ашылды. Жастарымыз үшін интеллектуалды ойындар ұйымдастырылуда және елордамыздың жастары «Таза Қазақстан» акциясын өте белсенді қолдауда.
Фестиваль барысында жас буын арасында белсенді азаматтар мотивациялық құттықтауларын білдірді. Сондай-ақ көпшіліктің көңілін көтерген OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтті. Онда отандық эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Ізбасар Кеңесов, Жеңіс Ғарифулла өнер көрсетті. Меркелік кешті жастар арасында танымал «BayGUYS» тобы жүргізді.
Нурик БАРМАҚОВ, ӘНШІ:
Биылғы жастар күні құтты болсын, жастар жылы құтты болсын. Жастар тек талмай еңбек ете берсін. Мақал бар ғой «еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей» біздің жастарға мемлекетіміз осындай қолдау көрсетіп жатқанына үлкен-үлкен рахмет.
Аягөз ҚОЖАКИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Осындай кештер жастарды қолдау көптеген қазақша көңілді кештер көп болса екен дейміз. Мен оқушыларыммен ғана емес өз балаларыммен де келіп отырмын. Бұл жастардың көңіл-күйінде көтереді әрі білімге деген құштарлықтарын оятады.
Көңілді кеш бес мыңға жуық қала тұрғынын жинады.