Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы инклюзивті білім беретін мектептерді тексерді

"AMANAT" партиясы инклюзивті білім беретін оралдық мектептерге бақылау жүргізді. Партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында ерекше балалар ерекше назарға алынған. Мысалы №13-мектептегі түзету сыныбы 18 жыл бұрын тәжірибе ретінде ашылған кезде 12 бала қабылданған еді. Бүгінде бейімдеу кластарының саны көбейтіліп, осындай қамқорлыққа зәру ұландардың қатары 300-ге жуықтапты.

Айсұлу НӘЛИЕВА, №13 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бұл мектепке қаланың барлық аумағынан келеді. Себебі мынадай мектеп, түзету сыныптары тек қана біздің мектепте. Аудандарда мұндай мектеп жоқтығының кесірінен ата-аналар қалаға келіп, кейбірі көшіп жатыр бала үшін, кейбірі уақытша пәтер жалдап, балаларын оқытып жатқан жағдайы бар. Осы балалар бізге мектептің рейтингінің 30 пайызын алып келеді.

Бүгінде мектептегі оқушыларының 30 пайызын осындай балалар құрайды. Енді мамандар оқу орнының ішінен әлеуметтік тұрмыстық жағдайға бейімдеу кабинетін ашуды ұсынып отыр. Сонда кішкентай бүлдіршіннің өмірге бейімделуі оңай болмақ дейді олар. Мұндағы мақсат баланы ерекшелігіне қарамай, қатарластарымен бірдей білім алуын қамтамасыз ету һәм жағдай жасау.

Азима ҒҰБАШЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгінгі мониторингтің негізгі мақсаты жалпы партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында өткізіліп отыр. Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген индикаторлық көрсеткіштерге байланысты инклюзивті қолдау кабинеттерін құру, оның жағдайын жақсарту, мамандармен қамтамасыз ету үнемі партияның назарында.

Партиялықтар мониторинг нәтижесі бойынша инклюзивті білімді қала мен облыс мектептерінде одан әрі қарай жақсарту үшін ұсынбалар дайындайды.