Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мұнай-газ саласы Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек», - О. Бектенов

Былтыр елде 90 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтылды. Жиын барысында мұнай өндіру мен өңдеудегі қиындықтар мен жетістіктер туралы сөз қозғалды. Үкімет басшысы бұл сала халық игілігі үшін жұмыс істеу керек деді. Олжас Бектенов Қазақстанда ірі жобаларды іске қосудың қандай маңызы бар екенін айтты. Оның ішінде Атырау облысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауытына ерекше тоқталды.