Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада өзгенің банк картасынан заңсыз сауда жасаған күдікті анықталды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2024
  • 355

Астанада өзгенің банк картасынан заңсыз сауда жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны кешкі уақытта банк картасының теңгерімін тексеріп, өзі жасамаған саудалар үшін шотынан ақша есептен шығарылғанын байқаған. Біреу оның ақшасын асыра пайдаланғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласқан. “Anti-Fraud” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында, Алматы ауданы ПБ қызметкерлері картаны 33 жастағы ер адам автобустан тауып алғанын анықтады. Картаны иесіне қайтарудың немесе банкке хабарласудың орнына, ол бөгденің ақшасын өзінің қажеттіліктеріне жұмсаған. Елорда дүкендерінде сауда жасап жүріп, күдікті 71 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер, оның елордадағы қоғамдық көліктерінде жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар екенін анықтады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/astanada-ozgening-bank-kartasynan-zangsyz-sauda-zhasaghan-kudikti-anyqtaldy/