Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас қалада «Таза бейсенбі» акциясы аясында қар полигоны қоқыстан тазартылды

Бас қалада «Таза бейсенбі» акциясы аясында қар полигоны қоқыстан тазартылды. Оған "AMANAT" партиясы мүшелері мен 100-ден астам ерікті қатысты. Сондай-ақ 10- ға жуық арнайы жабдықталған техника жұмылдырылды. Белсенділер аумақтағы қураған шөптерді орып, шашылып жатқан полиэтилен пакет, бос бөтелке мен пластмасс заттарды жинады. Мақсатымыз – тұрғындарды өз қаласын таза ұстауға, табиғатта қоқыс қалдырмауға үндеу дейді – ұйымдастырушылар. Акция алдағы уақытта қаланың басқа да аумақтарында өз жалғасын табады.

Гүлмира АҚТАЙЛАҚОВА,  "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгінгі таңда 100 тоннаның үстінде қоқыс шығару жоспарымызда бар. Елімізге, жерімізге, қызмет етіп тазалықты сақтау мақсатында қатысып жатыр. Көптеген еріктілерді әлі де осы «Таза бейсенбі», «Таза Қазақстан» тазалық акциясына шақырып, қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

НӘБИ МҰҒАЛІМ:

Тек қана бұл қаланың сыртында емес, қаланың ішінде де жиі ұйымдастырады. Мұғалім ретінде өзіміз жиі барамыз. Ерікті ретінде өзіміз жастар арасында белсенді ретінде барамыз әрқашанда. Өзім үлес қоса отырып жұртқа үлгі боламын.