Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді скриншот жасалмайды: WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2024
  • 374

WhatsApp мессенджерінде бұдан былай басқа адамның профильдегі фотосын скриншот жасауға болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның анықтама орталығы мұндай функция қолданушылардың қауіпсіздігі үшін қосылғанын атап өтті.

«WhatsApp құпиялықты қорғау мақсатында қолданушыларға профиль фотосын скриншот жасатпайды. Бұл дегеніміз, сіз басқа адамның профильдегі фотосын скрин жасай алмайсыз, ал басқалары сіздің фотоңызды сақтай алмайды», - деп түсіндірді мессенджер мамандары.

Скриншотты автоматты түрде бұғаттау функциясы Android мен iOS нұсқаларындағы мессенджерде іске қосылған. Бұл функцияны өшіріп тастау мүмкін емес.

Сонымен қатар, бұл тыйым экран жазбасына да қатысты. Яғни WhatsApp-ы барлар өз телефонымен экран бейнежазбасын қосып басқа қолданушының профильдегі фотосын видеоға түсіре алмайды.

Осылайша компания мамандары профильдегі фотоны жүктеуге және бөтен адамдарға таратуға тосқауыл қоюды көздеп отыр.