Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада полицейлер жолаушыдан мефедрон тәркіледі

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2024
  • 308

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ішінде 33 жастағы жолаушысы BMW автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту нәтижесінде оның жанынан ұнтақты заты бар целлофан табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген зат мефедрон синтетикалық есірткісі екенін растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.