Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында қызметкерлерге 397 млн теңге қайтарылды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2024
  • 431

Ақмола облысы Зеренді ауданында 943 қызметкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура ауданның мемлекеттік мекемесінде 943 қызметкер алдында жалпы сомасы 397 млн теңгеге жұмыс ақысы үшін берешек қалыптасқанын анықтады.

«Қадағалау ақтісі бойынша қарыздар толық көлемде өтелді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады прокуратура.

Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.