Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚХА атынан сайлауға түсетін кандидаттар үгіт-насихат шараларын жүргізді

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2016
  • 1501

Біздің қалауымыз бірлікте!  Алматыда осындай үндеумен Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер бас қосты. Достық үйіне кандидаттардан бөлек қалалық этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері жиналды. Олар Қазақстандағы саяси мәселелерді шешудегі Ассамблеяның рөлін талқылады. Жиналғандардың пайымынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің Қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырды. Биыл Мәжіліс депутаттығына Ассамблея атынан 9 кандидат ұсынылған. Орталық сайлау комисиясы оларды тіркеді. Үміткерлердің ішінде екі әйел бар. Алтауы ғылым, мәдениет және білім саласының қызметкерлері.

Қазбек Мамсұров, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары:

Бізде 34 этно-мәдени бірлестік бар. Бүгін өз үміткерлерімізбен кездесіп, олардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстық. Жоғары заң шығарушы органда олар бтүрлі ұлттардың мүддесін қорғауы тиіс. Осы мақсатта қандай жоспары бар, соны білгіміз келеді. Себебі барлығымызға ортақ міндет - елде ұлтаралық татулықты нығайтып, ұлттық идея қалыптастыру.

 С. ҚАНАҒАТОВ