Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда тайфунға байланысты жүздеген рейс тоқтатылады

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2024
  • 248

«Ампил» тайфунының жақындауына байланысты жапондық авиакомпаниялар 16 тамыз күні жүзге жуық рейстерін, ал теміржолдар операцияларының бір бөлігін тоқтатады, деп жазады KAZINFORM 

Жапонияның метеорологиялық басқармасы «ауыр» деп жіктеген «Ампил» тайфуны (№7 тайфун) Токио мен оның маңындағы аудандарға қарай бет алды. 

Басқарма мәліметінше, желдің екпіні секундына 35 метрге, ең жоғары екпіні секундына 50 метрге дейін жетеді. 

– Тайфун жақындаған сайын біз халықты дауыл, жоғары толқындар мен нөсер жауынға байланысты өте сақ болуға шақырамыз, - деді метеорологиялық орталық өкілі.

Japan Airlines 191 ішкі және 26 халықаралық рейстерді тоқтатуды жоспарлап отыр.

Тағы бір ірі All Nippon Airways (ANA) авиакомпаниясы жұма күнге жоспарланған 280 ішкі рейстің тоқтатылғанын жариялады, бұл 60 мыңнан астам жолаушыға әсер етті.

Орталық Жапония темір жолы жұма күні Токио мен Нагоя арасындағы «синкансэн» пойызының қызметтерін тоқтататынын мәлімдеді.