Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар қайта бетперде тағады

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2024
  • 418

ҚР Мемлекеттік бас дәрігерінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойды. 

Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;

ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну.

Биыл жыл басынан бері елімізде КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар жоқ. ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендер жоқ.