Русский Сайттың толық нұсқасы

Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2024
  • 254
Фото:NASA

Жапония астанасы Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды. Қалада нөсер жауын құйып тұр. Бұған қоса электр жарығы өшкен. 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Дауылға байланысты елде 500-дей ішкі әуе рейсі доғарылған. Бұл 100 мыңдай жолаушыға әсер етті.

Ал елдің шығысы мен солтүстік-шығысында жүрдек пойыз қатынасы шектелген.

Елдің метеорология агенттігі су тасып, лай көшкіні жүруі және күшті қатты жел соғуы мүмкін екенін ескертіп отыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.