Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-дағы ұялы байланыс операторларына 50 млн теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында ұялы байланыс операторларына 50 миллион теңге айыппұл салынды. Өңіраралық байланыс инспекциясының дерегінше, қызмет сапасы талапқа сай келмейді. Осыған көңілі толмаған тұрғындар шағымымен 28 тексеру жоспардан тыс жүргізіліп, кінәлілер анықталыпты. Дегенмен айыппұл арқалаған компанияларға заңдағы жеңілдікті пайдаланып, екі аптаның ішінде айыппұлдың жартысын ғана төлеуге мүмкіндік беріліп отыр.

Айвар СҰЛТАШОВ, ӨҢІРАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

4G 5 мегабит болуы керек, 3G бойынша интернеттің жылдамдығы 1 мегабит болуы керек. Сертификатталған прибормен тексереміз. Тексеріс прибормен анықтағанда интернет жылдамдығы шамалы боп тұрады. Тексеріс бойынша кемшіліктер анықталғанда оператордың интернет жылдамдығы осы показательге сәйкес болмай, сол бойынша айыппұл салынды.