Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен Әйтеке би ауданының тұрғындары баспаналы болды

Ақтөбенің Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болып, қоныс тойын тойлап жатыр. Бүгін 26 тұрғынға жаңа үйдің кілті табысталды. Жалпы көлемі 80 шаршы метр болатын типтік баспана үш ауылда салынған. Айта кетейік, ауданда қарғын судың кесірінен елу бір үй тұруға жарамсыз деп танылған еді. 25 отбасы екінші нарықтағы үй алуға ниет білдіріп, осыдан 2 ай бұрын баспаналы болды. Ал қалған тұрғындар жаңа үй салуды таңдаған. Үш айда олар да өз қоныстарына орналасты. Құрылысқа 751 млн теңге қаражат жұмсалған.

Орысбай ТҰРСЫНБЕКОВ, ТҰРҒЫН:

Үкімет қол ұшын беріп жатыр. Үй салынып жатыр.Салып жатырған жігіттерге де рахмет. Үйіміз суға кеткенде үш семья бір үйде тұрдық. Оңай емес. Міне үш айда салып болды үйімізді. Көп-көп рахмет айтамын.Бала-шағасының қызығын көрсін. Осындай әдемі жарқыраған үйде бала-шағамызбен мәз –майрам болып жатырмыз.