Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы “Досжан” пансионатында 29 адам астан ұшынды

Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы “Досжан” пансионатында 29 адам астан ұшынды. Демалушылар көл жағасындағы демалыс орнында жіті ішек инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдік бар. Оқиғаны облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растады. Науқастардың 18-і стационарлық ем алып жатыр, қалғандары бақылауда. Мамандар оқиға орнынан сынамалар алып зертханалық зерттеуге жіберген. Полиция тергеуге кірісті.

Серікбол ТҮСІПБЕКОВ, БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

“Балқаш қалалық көпсалалы ауруханасының инфекциялық бөліміне 14 адам жеткізілді. Оның 9-ы бала. 5-еуі ересек. Олардың жағдайы орташа, интоксикация және ішек синдромына байланысты пациенттерге қажетті ем мен сараптамалар тағайындалды”.