Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс төрағасының орынбасары А. Рау карьерлік жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесті

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «AMANAT» фракциясының мүшесі Альберт Рау Қостанай облысында Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі автомобиль цехының карьерлік жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесті. Ол мамандардың кәсіби қызметі мен әлеуметтік кепілдіктеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігін беретін жаңа заңға ерекше назар аударылды. Автомобиль цехының ұжымы самосвал жүргізушілерін де, осы төлем алу құқығына ие тұлғалар тізіміне қосуды сұрады. Мәжіліс Вице-спикері бұл мәселені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен талқылау қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, кездесуге қатысушылар жергілікті инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін де талқылады.

Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мерзімінен бұрын зейнетке шығу мәселесі біздің партияның сайлауалды бағдарламасындағы басты мәселелердің бірі болды, Президент заңға өткен жылдың соңында қол қойды. Сіздер «AMANAT» партиясына сенім білдірдіңіздер, ал біз өз уәделерімізді орындап жатырмыз. Биылғы жартыжылдықта мен салалық ведомстволармен кездесулер өткіздім, еліміздегі карьерлік ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің санын есептеп, әрқайсысының жұмыс сағатын санадық. Заң бар, енді Еңбек министрлігінің бұйрығы қажет, бұл бюджет қаражатын жұмсауға әкеледі.