Русский Сайттың толық нұсқасы

Таэквондо федерациясының президенті қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2024
  • 367

Таэквондо (WT) федерациясының президенті Вячеслав Ким басшы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерация мәліметінше, бұл шешім Вячеслав Кимнің ҚТФ президенті лауазымында жасалған жұмысы мен қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ сараптау мен бағалаудың нәтижесі болған.

2013 жылы Таэквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын мен жәнен ҚТФ командасы спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік.

Қазақстандық таэквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Біз Қазақстанның таэквондо тарихындағы бірінші халықаралық турнирді, Astana Grand Prix 2014 және Kazakhstan Open G-1 турнирін өткізе алдық, бұл тек бастамасы ғана. Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар және бұл жол жалғасын табады деп ойлаймын, — деді Вячеслав Ким.

Сондай-ақ ол қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Бүгін бұл эстафетаны тапсыру барысында мен осы жолда болған барлық адамдарға: әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған барлық жанға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл керемет жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін. Сенімдеріңізге рахмет! Қазақстан таэквондосын алда талай жаңа жетістіктер күтіп тұрғанын сеніммен айта аламын. Біздің ортақ жұмысымыз осы спортпен айналысатындардың барлығына пайда мен қуаныш әкелсін, — деді ол.

ҚТФ президентімен бірге вице-президенттер Қанат Толғатұлы Сағынаев, Шадияр Әлжанұлы Қондыбаев, Арман Константинұлы Шылманов, бас хатшы Олжас Талғатұлы Бесбаев та өз қызметтерінен кетті.