Изу аралының жағалауында магнитудасы 5,2 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі 122 мыңға жуық адам тұратын Кисарадзу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 396 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 мың шақырым.
Адамдардың қаза тапқаны және ғимараттардың қирағаны жайлы ақпарат түспеген. Цунами қаупі жарияланған жоқ,- деп хабарлайды Қазақпарат.