Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай станциясының бастығы қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2024
  • 307

Қостанай станциясының бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ басшылығының Қостанай өңіріне жұмыс сапары кезінде Қостанай вокзалы мен оған іргелес аумақтың жай-күйі үшін Қостанай станциясының бастығы және Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды.

"Сондай-ақ Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры шаруашылықтарды тиісінше деңгейде ұстамағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеті қойылды.