Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы ақбөкендері қорғау шараларын күшейткелі отыр

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2017
  • 4475

Тобыл-Торғай атырабына биылғы көктемде ақбөкендер көп келуі мүмкін. Бұл туралы табиғат қорғау саласының мамандары Қостанайда өткен конференцияда айтты. Енді оларды қорғау мақсатында кең ауқымды экологиялық-санэпидемиологиялық шаралар жоспарланып отыр. Киік төлдейтін төңіректің топырағынан, суынан, шөбінен сынама алынып алдын-ала зерттеу жұмыстары жүргізілмекші.

Нариман Қасымбеков, Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Былтырғы есеп бойынша 33 мың ақбөкен тіркелген. Биыл одан да көп көлемде ақбөкендердің келуін күтіп отырмыз. Сол себептен біз түз жануарының төлдейтін, миграция жүргізетін жерлерін қатаңдатылған қорғау мәселелерін қолға аламыз. Тиісті экологиялық-санэпидемиологиялық шараларды сол жерде жүргізетін боламыз.

Еске салайық, екі жыл бұрын Торғай даласында 150 мыңға жуық ақбөкен пастереллез індетінен қырылып қалған еді. Жыл сайын сәуір-мамыр айларында жаппай келе бастайтын киіктер легі былтыр тым аз болған. 

Заңғар САНАЙ