Русский Сайттың толық нұсқасы

Алакөлде екі қабатты демалыс үйінде өрт шықты

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2024
  • 199

Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді.

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі жанды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда сөндірілді", - делінген хабарламада.