Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтардың құрбаны болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса Instagram парақшасында оқырмандарының сауалына жауап берді. Олардың бірі «Алаяқтарға алданып көрдіңіз бе?» деп сұрақ қойды.
Оқырманның сұрағына Жұлдыз Әбдікәрімова былай деп жауап берді:
«Алданғанда қандай?! Дәл қазір процесс жүріп жатыр. Ол бөлек әңгіме. Жақында бәрін де айтып беремін», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.