Елдегі садақшылардың 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығы қызу. Қатысушылар дүбірлі дода өтетін алаңда жаттығып жатыр. Дүстүрлі садақ ату сайсына 35 мемлекеттен өтініш түскен. Бапкерлер олардың арасында Түркия, Малайзия, Қырғызстан мен Ресейден келетін спортшылар мықты дейді. Түркі халықтары көз тіккен бәйгеге барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль сарапқа салынады.
Бақберген СӘЛІМОВ, ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА СПОРТШЫСЫ:
Жарыс иесі өзіміз болғаннан кейін үлкен жзауапкершілікті сезінеміз. Бұл көшпенділер ойыны өтетін жерде дайын болған бірінші садақшылар алаңы екен. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті жіберіп алмайын деп осы жерге келіп соңғы оқу-жаттығу ойындарымызды жасап жатырмыз.