Русский Сайттың толық нұсқасы

Баян және Тұрсын Алагузовтар тағы да ата-ана атанды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2024
  • 195

2024 жылдың 19 тамызында белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагузова тағы бір қызының дүниеге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 50 жастағы кәсіпкер Instagram-да жаңа туған нәрестенің суретін жариялап айтты.

"Біз сені сегіз жыл және Алисадан 15 күн ұзағырақ күттік. Біздің қызымыз Алагузова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді", - деп жазды Баян Алагузова.

Оқырмандар бірауыздан мұның тіптен күтпеген хабар екендігін мойындап, құттықтауларын жаудыра бастады.