Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңсыз алтын өндірген қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2024
  • 231

Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке 12 адам ілінген.

Олар — Қазақстан, Украина және Ресей азаматтары, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

«Жалпы шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асты.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан», — деп жазды Бас көлік прокуратурасы.