Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда еуропалық такси компаниясы пайда болмақ

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2024
  • 397

Bolt еуропалық компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытты. Мұны көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Сөзінше, енді Bolt эстониялық компаниясының таксилері нарыққа енуі мүмкін.

"Халықаралық агрегаторлар тарапынан қызығушылық бар. Мысалы, бізге Еуропада өте танымал эстониялық Bolt компаниясы келді. Бұл – Яндекстің аналогы. Олар біздің нарыққа қызығушылық танытып, хабарласты. Егер компания біздің нарыққа шығуға шешім қабылдаса, біз мұны қолдаймыз. Өйткені кез келген бәсекелестік қызмет алушы үшін бағаның төмендеуіне әкеледі", – деді Қарабаев үкімет брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстандағы такси нарығы бәсекеге қабілетті. Қазір "InDriver" қалаішілік тасымалдауға, ал "Яндекс" облысаралық тасымалдауға көшіп жатыр. Сондай-ақ Шымкент пен Өскеменде танымал бірқатар компаниялар бар.

Осыған байланысты министр такси жүргізушілеріне белгілі бір бағаны енгізу дұрыс емес деп санайды.

"Екінші жағынан, агрегаторлардың қызметін тексеруге болады. Агрегаторлар цифрландыру немесе көлік саласындағы уәкілетті органға толық ақпарат береді, осылайша біз бағаны қарбалас уақытта емес, әдейі жасанды түрде көтерген кезде белгілі бір шаралар қабылдай аламыз. Менің ойымша, АЗРК әрекет етуі керек", – деп түсіндірді Қарабаев.