Русский Сайттың толық нұсқасы

"Болашақта әрбір оныншы үй жарықсыз қалуы мүмкін", - сарапшы

Елдегі энергия тапшылығы болашақта 10 пайызға жетуі мүмкін. Яғни, әрбір оныншы үй жарықсыз қалады деген сөз. Бұл туралы Елордада өткен АЭС құрылысы бойынша жиырмасыншы қоғамдық талқылауда айтылды. Былтыр Республика бойынша 115 млрд квт жарық көзі пайдаланылған. Оның 2 млрд квт-ы Ресейден сатып алынған. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары еселеп өсуі мүмкін. Себебі, энергия тұтыну көлемі жылдан жылға артып келеді. Мамандар ондай олқылық орын алмас үшін елді жыл он екі ай қуат көзімен қамтамасыз ететін жасыл энергияға көшу керек дейді.

Гүлмира МҰРСАЛОВА, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІБІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір Қазақстанда өндірілетін барлық энергияның 70%-ы көмірмен жұмыс істейтін станциялардан өндіріледі. Алдағы 10 жылда кейбір станцияларды тоқтатуға тура келеді, Қазір әлемдегі экологияға байланысты саясатқа қатысты көмірмен жұмыс істейтін станцияларға қаржы тарту қиындап отыр. Сондықтан референдум оң нәтиже берген жағдайда екі реакторлы бір атом электр станциясы салынады.

Ерболат ҚОЯНБАЕВ, «ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» РМК АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Реактор 60 жылға проекттеледі. 100 жылға дейін жұмыс істеуі мүмкін. 100 жыл істейтін реактордың авариялық ықтималдығы 10 млн жылда бір. Бұл өте төмен ықтималдық.

Мамандар күн мен желден алып отырған энергияға арқа сүйеуге болмайды дейді. Өйткені оның да тапшы болмасына ешкім кепілдік бермейді. Ал газ бен көмірден алатын қуат көзінің экологияға зияны көп. Экономикамызға да айтарлықтай салмақ салады.

Сансызбай ЕСІЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді. Егер қуат көзі болмас одан әрі дамуы қиындай түседі. Себебі, зауыт, фабрикалардың соғылып, жұмыс істеуіне энергия көзі керек. Біздегі көмірмен жұмыс істейтін станциялардың әбден тозығы жетті.

Қазір бүкіл әлем атом энергетикасын дамытуға ат салысуда. Мәселен, аспан асты елі 26 реактор, Түркия 4 реакторлы станция салып жатыр. Сарапшылар біздің де тәуелсіз энергияға қол жеткізетін уақытымыз келді дейді.