Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысында Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылады

Ұлытауда Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылмақ. Ондағы құрылыс жұмыстарымен Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин танысты. Әулиетау баурайындағы бұл алаңды салуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында тапсырған еді. Бүгінде нысандағы құрылыстың 85 пайызға жуығы аяқталды.

Ерболат САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Келесі жылдары Әулиетаудың басына дейін көтерілетін баспалдақтар салынады. Маңайының бәрі абаттандырылады. Жалпы өзінің көрінісі Әулиетаудың қойнауында, өте әдемі жерде орналасқан. Сондықтан бұл да бір Ұлытау облысының, жалпы Ұлытаудың ұлылығын көрсететін белгі, бір жақсы нысан болады ғой деп есептейміз.