Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық белсенді жастар "Жастар рухының" саяси лагеріне аттанды

Қарағандыдан бір топ жас "Жастар рухының" жастар саяси лагеріне қатысушы -делегат ретінде аттанды. Еліміздің түкпір-түкпірінде қоғамдық өмірге белсене атсалысып жүрген жастар Шымкентте бас қосады. Онда білікті, тәжірибелі мамандардан дәріс тындап, білімдерін шындайды. Саяси менеджмент, жобаларды ұйымдастыру секілді тақырыптар бойынша түрлі тренингтерге, семинарларға, тренд сессияларға, воркшоптарға қатысады.Лагерьде өткізілген әсерге толы күндер жастарға жаңа күш-қуат беріп, болашаққа қойған мақсаттарын, жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дина ЕРҒАЛИҚЫЗЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Ол жақта жаңа ортамен танысамыз біріншіден. Екіншіден жан-жақтан "Жастар рухының" жастары жиналады ғой. Квиздар болады. Және әртүрлі аймақтан келген блсенділер квиздар қояды. Және де ол жақта Олимпиада чемпиондары келеді.