Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында дәретханада өлі күйінде табылған бүлдіршіннің өлімі туралы жаңа деректер ашылды

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2024
  • 303

Түркістан облысының Сіргелі ауылында осы жылдың мамыр айында көше дәретханасында өлі күйінде табылған үш жасар Асылым қыздың қайтыс болуы туралы іс күтпеген жерден дамыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеріс барысында, бүлдіршіннің бетінен кішкене сызаттар мен арқасының көгергені анықталды. Ол кезде қыз дәретханаға абайсызда құлап кетті деп болжанған болатын. Алайда, бір айдан кейін тағы бір қыз сол дәретханаға құлап кете жаздады. Оның айғақтарының арқасында полиция 16 жастағы көрші күдікті ұсталды.

Тергеуді бастаған полицейлер үш жасар Асылымның өлімі қасақана өлтірудің нәтижесі екенін анықтады. Көршісі бұл әрекетін мойындады. Алайда, 16 жасар күдіктінің шизофрениямен ауыратыны белгілі болды.

Айта кетейік, 2024 жылғы мамыр айында Сіргелі ауылында есік алдында ойнап жүрген үш жасар Асылым жоғалып кеткен болатын. Оны полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар үш тәулік бойы іздеп, тек үшінші күні көршісінің дәретханасынан өлі күйінде тапқан болатын.