Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында полиция жоғалған 69 жастағы тұрғынды іздеп тапты

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2024
  • 324

Павлодар облысында полиция жоғалған 69 жастағы тұрғынды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар облысының полиция есептерінде хабар-ошарсыз кеткен адамдардың жағдайлары тіркеледі. Адамның жоғалып кетуі жай статистика емес, бұл отбасы мүшелері мен достарының уайымы.27 шілдеде 69 жастағы әкесінің үйден кетіп, қайта оралмағаны туралы полицияға арыз түсті. Өздігінен іздеу нәтиже бермей ұлы полициядан көмек сұрады. Жоғалған адамды іздеуге полицияның жеке құрамы тартылды. Байланыстағы адамдар және оның болуы мүмкін жерлер пысықталды. Іздеу үшін еріктілер де тартылды.

– Іздестіру іс-шаралары барысында 20 тамызда жоғалған адамды полицейлер Аққулы ауданының ауылдарының бірінен тапты. Белгілі болғандай, ер адам шөп шабуға кетіп, телефонын сөндіріп қойған, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция іздеу бөлімінің бастығы Қуандық Қасымов.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері жоғалған 29 адамның орналасқан жерін анықтап, үйіне қайтарды.

– Туыстарыңызды қорғау үшін ашық диалогты сақтау, телефонға оның иесінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қосымшаны орнату маңызды. Сақтық шараларын сақтау – өмірді сақтап қалу және қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкіндігі. Сіздің жақындарыңыз әрқашан жақында және қауіпсіз болсын, – деп түйіндеді тәртіп сақшысы.