Ұлттық
экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа жаңа айыптар тағылды. Ол парақорлық
үшін ғана емес, қызмет бабын пайдаланып, қолдау көрсеткені үшін де айыпталып
отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі төрағасының орынбасары осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс
агенттігі хабарлады. Алик
Шпекбаевтың айтуынша, ол жымқырған қаржы көлемі де ұлғаюы мүмкін.
Еске салайық,
Қуандық Бишімбаев 30-шы желтоқсанда министр қызметінен шеттетіліп, 10 қаңтарда
Ұлттық бюро "алдын ала келісіп, аса ірі көлемде пара алды" деген
күдікпен қамауға алды. Ол "Бәйтерек" холдингінде жұмыс істеу кезінде
1 млрд теңгені жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрды деп айыпталып отыр.