Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық экономика экс-министріне бірнеше айып тағылды - А.Шпекбаев

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2017
  • 2079

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа жаңа айыптар тағылды. Ол парақорлық үшін ғана емес, қызмет бабын пайдаланып, қолдау көрсеткені үшін де айыпталып отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады. Алик Шпекбаевтың айтуынша, ол жымқырған қаржы көлемі де ұлғаюы мүмкін.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 30-шы желтоқсанда министр қызметінен шеттетіліп, 10 қаңтарда Ұлттық бюро "алдын ала келісіп, аса ірі көлемде пара алды" деген күдікпен қамауға алды. Ол "Бәйтерек" холдингінде жұмыс істеу кезінде 1 млрд теңгені жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрды деп айыпталып отыр.