Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда дәрігерлер науқастан 30 келі қатерлі ісікті алып тастады

Алматыдағы онкология және радиология Қазақ Ғылыми-Зерттеу Институтының дәрігерлері науқастан 30 келілік ісікті алды. 65 жастағы әйел мекемеге ішінің күрт ұлғайып кеткенін айтып шағымданыпты. Мамандардың тексеруінің нәтижесінде оған аналық без обыры диагнозы қойылған. Дәрігерлер тәжірибеде мұндай жағдайлар жиі кездескенімен, дәл осындай алып кистоманы бірінші рет алып отырмыз дейді.

Ерлан КУКУБАСОВ, ҚазҒЗИ ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бізде бұл секілді операциялар өткізіліп тұрады. Дегенмен мұндай ауыр салмақтағы ісік болған емес. Операция жасамас бұрын алдын ала тиісті дайындықтар жүргізілді. Және алдыңғы аптаның бейсенбі күні ота жасалды. Операция 3 этаптан тұрды. Жалпы 2 сағатқа созылды. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Ешқандай шағым түскен жоқ. Үйіне қайтарылды.