Русский Сайттың толық нұсқасы

«МАЭК» ЖШС басшылығы Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрады

«МАЭК» ЖШС басшылығы Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрады. Бүгін олар станса аумағында бас қосып, халық өкілдеріне бірқатар түйткілді мәселелерді жеткізді. Бірінші кезекте кәсіпорын өкілдері бюджет қаражатын игеру мерзімдерін қайта қарауға заңнамалық деңгейде көмек көрсетуді сұрады. Электр станциясының басшылығы тарифтерді көтеру және БН-350 реакторын ұстау мәселелерін айтты.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жердегі жабдықтардың бәрі тозған,ел де біледі,маман да біледі.Күрделі жөндеуден басқа модернизациялау яғни кейбір ірі жабдықтардың бірін жаңалау керек. Енді оған уақыт керек.Басшылықтың айтуы бойынша жобалық құжаттар уақытылы дайын болып жатса,қаржы уақытында бөлінетін болса алдағы 2-3 жылда МАЭК өзінің қуатын жобамен 30-42 мың куб су тұшыту мүкіндігін бере алады.