Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы мұғалім өлімі: Сотталушы әйелді буындырып, мойнына пышақ сұғып өлтірген

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2024
  • 314

21 тамыз күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оралдық бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот отырысында тың деректер айтылды. Қылмыскер 41 жастағы Темір Сәрсенов үш бап бойынша айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктіге үш бап бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, адам өлтіру, ұрлық және қаруды заңсыз сақтау. 

Сотталушы №9 орта мектептің мұғалімі марқұм Надежда Никитинамен 2020 жылы танысқан. Сол кезде ол сыныпта компьютер орнатып жүрген. Кейін келіншек жұмыс орнында немесе үйіндегі техникада ақау пайда болғанда ара-тұра Темір Сәрсеновтың көмегіне жүгінген. 

Биыл 24 сәуір күні Надежда Никитина сондай өтінішпен Сәрсеновтен көмек сұраған. Күдікті келген, бірақ жұмысын аяқтамай, келесі күні келуге уәде берген. 25 сәуірде ноутбукпен келген Сәрсенов марқұмның жатын бөлмесіндегі компьютерді жөндей бастады. Ол кезде Надежда Никитина ас үйде шәкіртімен қосымша сабақ жүргізіп жатқан.

Прокурордың айтуынша, қосымша сабағын аяқтап, оқушысын шығарып салған Никитина күдіктінің жанына барады. Олар өзара әлденеге келіспей, дауласып қалған. Сәрсенов марқұмды диванға жатқызып, үстіндегі киімінің жағасымен буындырған. Кейін ол марқұмның мойнына пышақ сұққан. Никитина механикалық асфексиядан көз жұмды.

“Сотталушы мұнымен қоймай, ізін жасыру үшін ұрлық жасаған. Ол әйелдің пәтерінен алтын бұйымдар, сөмке, әмиян, телефон және банк карталарын алып кеткен. Жалпы материалдық шығын –1,7 млн ​​теңге”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ полиция Сәрсеновтің пәтерінен сақтауға рұқсаты жоқ бірнеше қару мен оларға арналған көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тапты. Айыпталушы Темір Сәрсенов алқабилер сотынан бас тартты. Негізгі сот отырысы 27 тамызға белгіленді.