Тобыл өзеніне абайсызда құлап, суға ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Іздеу жұмыстары бес күнге созылған. 18 тамызда Б.Майлин ауданының Козыревка ауылында ер адам мен 8 жасар бала абайсызда суға құлап кеткен. Ер адам судан өз бетімен шыққан көрінеді. Ал баланы ағыс алып кеткен.
«Қостанай облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен Тобыл өзенінің акваториясы ауданында 8 жастағы баланың денесі табылды. Іздеу бес күн бойы жүргізілді», - деді ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дмитрий Жданов.