Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2024
  • 273

Ресейдің 29 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Тіпті 5 облыста төтенше жағдай режимі жарияланды. Мәселен, Якутияда 433 мың гектар жер өртеніп, оны сөндіруге 1500 адам, 150 техника жұмылдырылды. Бір күнде іргелес елде 200-ге жуық орман өрті тіркелді. Алтай өңірі, Бурятия, Тыва, Самара облыстарында да жағдай мәз емес. Мамандар жаз басталғалы орман өртінің саны 40 пайызға артқанын айтады.

Александр Куренков, РФ Төтенше жағдайлар министрі:

Төтенше жағдайлар қызметі жаз айларында артқан орман өрті мен ту тасқынына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тиісті мамандарға тапсырма берілді. Бірқатар өңірде ыстық және құрғақ ауаның салдарынан қауіп артуда.

Ал мамандар Ресейдің бірқатар өңірінде су тасқыны артуы мүмкін екенін ескертеді. Мәселен, Приморск өлкесінде тропикалық циклонның әсерінен жауын-шашын артып, су деңгейі 3,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Бірнеше ай бойы Ресейдің 40 өңірінде су тасқынымен күрес жалғасуда,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.