Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Шымкентте 70 тоннаға жуық қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы аясында Шымкентте ауқымды шара өтті. Тазалық жұмысы алты бірдей жерде ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны тазартуға жиналғандар көпқабатты үйлердің маңынан бастап, өзен жағалаулары мен мегаполистегі демалыс орындарына дейін күл-қоқыстан тазартуға атсалысты. Акция қаладағы екі шағын ауданда да ұйымдастырылды. Көпқабатты үйлердің ауласындағы қаулай өскен шөптер орылып, ретке келтірілді. Шаһардағы арық-атыздарға дейін тазаланып, қоқыстар шығарылды. Бұдан бөлек, ағаш түптері әктеліп, ретсіз өскен бұталар қырқылды. Жалпы сенбілікке мегаполис бойынша 1200 -ден астам адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылды. 70 тоннаға жуық күл-қоқыс жиналды.

Гүлнар ӘБДУӘЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тазалық әрбір адамның өзінен басталуы керек. Тек қана үйдің іші емес, мынау сыртқы ауламызды, жүрген жерімізді, барлық жерімізді таза ұстау әрбір азаматтың міндеті.