Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үй берілді

Қанат КӘКІМОВ, ТҰРҒЫН:

15 минуттың ішінде сең кіріп кетті ғой. Өте қиын жағдай болды. Сең соғып бәрін қиратты. Үйдің іші мүлдем... Жинаған дүние-мүліктің бәрі суға кетті.

Үйі суда қалған Қанат Кәкімовке бүгін жаңа баспана бұйырды. Салынып жатқан үйдің құрылысын күн сайын өзі қалт жібермей қадағалап жүріпті.

Қанат КӘКІМОВ, ТҰРҒЫН:

Бұл үйдің іргетасынан бастап араластым. Бұл үйдің іргетасы деген өте мықты! Көңілімізден шығады, ішінің сапасына, терезе, бәріне өзіміз араласып қарап жүрдік. Оның ішінде мен өзім араласып қарап жүрдім. Бір келмей қалған күнім болған жоқ. Бәрі өте сапалы өтті. Көңілімнен шығады, ешқандай уайым жемеуге болады.

Қанаттың жүзден астам ауылдасы түгел баспанамен қамтылды. Олардың бәрі де тасқынның кесірінен үйсіз қалған еді. Бұл ауқымды істі қаржыландырған «Қазақстан халқына» қоры тілсіз жаудан зардап шеккен бес облыста үй салуға 16,5 миллиард теңге бөліпті.

Болат ЖӘМІШЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

627 үй салдық 5 облыста. Осындай керемет үйлерге көштіңіздер. Кейбіреулері қызығатын да шығар. Құрылысшылар үлкен жұмыс жасады ғой. Өте қысқа мерзімде осындай керемет үйлерді салды. Кір жуатын машина ғой. Құтты болсын!

Бүгінде өңірде тасқыннан зардап шеккендерге 775 үй салынып жатыр. Олардың бәрі 1-қыркүйекке дейін пайдалануға берілмек.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бөрлі ауданында толықтай барлық үйлерді тұрғындарға табыс еттік. Бүгін қалған 100 үйдің кілтін біз табыстағалы тұрмыз. Енді осындай қиындықтар біздің елімізде болмасын дегіміз келеді. Шаңырақтарыңызда тек береке болсын! Бақыт болсын! Үйде тек балаларыңыздың күлкісі тыйылмасын дегім келеді. Қуаныштарыңызбен!

Осылайша сырымдықтардың баспана мәселесі түбегейлі шешілді. Ал жаңа үйлер бой көтерген жаңа шағын аудан енді "Қазақстан халқына" деп аталады.