Русский Сайттың толық нұсқасы

«Түрмедегілер денелерін кесіп, өз-өздеріне қасақана жарақат салған», - тұрғын

"Колония қызметкерлері түрмедегілерді ұрып- соғып, есінен тандырған". Ұлытау облыстық прокуратурасы 11 адамға қатысты осындай сот үкімін шығарды. Бірақ айыпталғандардың ата-анасы бұл шешіммен келіспейді. Өлімші етіп сабап, зорлық көрсетті дегеннің бәрі жала дейді.

Зәуреш ЖАНҰЗАҚОВА, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Балаларымыз жұмысына түн ішінде дабылмен шақыртылған. Олар бағынбаушылықты басу жіне тыныш ұйқтап жатқан қала тұрғындарына қауіп төнбеу мақсатында заңды түрде іс-әрекеттер жасаған. Ешкімге, ешқандай психикалиқ әлімжеттік немесе физикалық зорлық-зомбылық көрсетпеген.

Оқиға 30 мамыр күні болған. Айыпталушылардың жақындары түрмеде шу шығарғандардың арасында аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер болғанын айтады. Олар әдейі өз-өздерін ұрып, денелерін жаралаған. Тіпті пышақпен кесіп, қызметкерлерді қорқытпақшы болды, - дейді. Қызығы, осының бәрі анық көрінетін камерадағы бейнежазбалар үшты- күйлі жоқ. Сотталғандардың жақындары айғақтардың іске қосылмағанына наразы.

Назкен ӘЛЖАНОВА, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ БАУЫРЫ:

Сотталғандар өздері кесілген, өз-өздеріне қасақана жарақат жасаған. Сол жерде болған жұмыскерлер жазады, ешқандай медициналық көмек көрсетпеді деп. Бірақ ол жерде дежурный, жұмыста болған азаматтардың барлығы скорый шақырған. Учреждениенің ішінде бар жерде камера бар ғой. Балалардың жетондары бар. Іс басталған кезде 4 баланың жетоны жоқ. Неге? Неге іске қосылмады?

Сот процесі 4 айға созылған. Үкім 30 шілде күні шықты. Сот шешімі бойынша №62 мекемесінің бастығы мен оның орынбасары 6,5 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Қалған бес түрме қызметкері мен ұлттық гвардияның төрт өкілі 4-4,5 жылға сотталған.

Жәнібек МҰҚАН, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Аталған дерек 2023 жылдың 31 мамырынан 1 маусымына қараған түні Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша 62 мекемеде орын алған болатын. Орын алған оқиға болған жерге барған кезде сол мекеменің жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандар осы мекеме қызметкерлері тарапынан азаптау фактісі орын алғаны турпалы жеткізді. Осы деректі тексеру мақсатында бізбен ҚҚ 146 бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Көз жасы тыйылмай, әділдік іздеген 11 қызметкердің жақындары істі жылы жауып қоймаймыз дейді. Әділ шешім үшін табанын тоздыруға дайын. Апелляциялық шағым түсірген.