Астанада жыл басынан бері 30-ға жуық бала зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Олардың дені өгей әкесінен зәбір көрген. Жалпы жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мың хабарлама түседі. Бұл туралы «Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» атты республикалық форумда айтылды. Үш секциядан тұрған шарада депутаттар қоғамдағы бұл олқылықты тоқтатуға тек заңның күші жетпейтінін ескертті.
Магеррам МАГЕРРАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін терең білу үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей құқықтық білім беруді енгізу қажет деп есептеймін. Ал заңға құрмет көрсету керек. Барлығын осыған тәрбиелеу қажет деп ойлаймын. Бүгінгі қоғамды құруда біз өзара сыйластықта, мейірімділікте болып өмір сүруіміз керек.
Гүлнар ОМАРОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:
Қоғам болып барлығымыз бұл мәселеге бей-жай қарамауымыз керек. Өйткені отбасындағы ата-аналардың да тәрбиесі де, олардың балалармен қарым-қатынасы баланың психологиялық жағдайына біз көбірек көңіл бөлуіміз керек деп ойлаймын.