Алатау ауданында жанармай құю бекеттерінің бірінде жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖД қызметкерлері жеткен сәтте өрт жанар-жағармай цистернасы мен сорғы қондырғысына ауысқаны анықталды.
Қатты жарылыс қаупі төнген.
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Эльдар Молдабаев отпен қамтылған ЖЖМ газ тарату колонкасының крандарын жабу арқылы жарылыстың алдын алды.