Русский Сайттың толық нұсқасы

"АЭС-тің төңірегіндегі пікірталасқа жастар белсенді қатысу керек" - Е. Қошанов

Мәжіліс төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысындағы "Жастар Рухы" жастар саяси лагерінің жұмысына қатысты. Онда Мәжіліс спикері жастар мемлекеттің қозғаушы күші бола отырып, үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін айтты. Сондай-ақ олардың рухын көтеріп, қолдау білдіруде "Жастар рухы" ықпалды ұйымға айналды деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Зерендіде болған кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың заман талабына сай дамуы үшін үш негізгі басымдықты айқындап берген болатын. Ол – білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл бағыттар жастар қанатының алдағы даму жолының бүгінгі күндегі өзегіне айналды

Шара барысында жастар АЭС салуға байланысты пікірін білдірді. Бұл бастама арқылы Қазақстан жаһандық дамудан шет қалмай, энергия беру ғана емес, отандық ғылым мен технологияны жаңа деңгейге көтеруі тиіс дейді олар. Ерлан Қошанов АЭС-тің төңірегіндегі пікірталасқа белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын батыл айтатын жастарды қолдайтынын жеткізді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз айтқандай АЭС салу мәселесінде негізгі шешімді халық қабылдайды. Бұл – Мемлекет басшысының басты ұстанымы. Атом энергетикасы не үшін қажет? Біздің болашағымыз үшін қажет. АЭС – ғылым мен технологияны елімізді қарыштатып, дамыту үшін қажет. Түптеп келгенде ел тәуелсіздігін нығайту, экономикасын орнықты дамыту үшін қажет