Русский Сайттың толық нұсқасы

“Қатерлі ісік тудырады”: Танымал Greenfield шайынан пестицидтер табылды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2024
  • 214

Роспотребнадзор танымал Greenfield шайының құрамында пестицидтер бары анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Известие” басылымына сілтеме хабарлайды.

Татарстанның Роспотребнадзоры "Орими" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарған Greenfield шайынан пестицидтер тапты.

Бұл шай Қазақстанда да сатылады.

Талдау нәтижелеріне сәйкес, "Май" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін "Ричард" жасыл борпылдақ жапырақты шайынан, "Орими" ЖШС өндіретін Greenfield шайынан пестицидтер табылды.

Айта кетейік “Май” ЖШС шай нарығының 20% тауарвн өндіреді. Өзінің Curtis, "Майский”, "Майский чай", "Лисма", Coffesso сынды өнімдерімен танымал. "Орми” ЖШС шай нарығының 35% өндіреді. Олардың қатарында Tess, "Принцесса Нури", "Принцесса Ява" және "Принцесса Канди", "Гита", "Жемчужина Нила”, "Шах” шайлары бар. 

Бизнес өкілдерінің өзі пестицидтердің бар екенін жоққа шығарып, өнімнің тазалығын алға тартады.

Пестицидтер – өсімдіктердің зиянкестерімен және ауруларымен, арамшөптермен күресу және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық препараттар. Олар үшін адам денсаулығына зиян келтірмейтін шекті рұқсат етілген концентрациялар белгіленген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пестицидтер қатерлі ісік, репродуктивті, иммундық немесе жүйке жүйесіне әсер ету сияқты денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.