Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий толқынын бағындырмақ болған екі ер адам бір қатерден аман қалды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2024
  • 291

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында қараңғы кезде жігіттер жергілікті толқындарды бағындыруға шыққан, бірақ екпіні күшті желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмаған. Оқиға Каспий теңізі жағалауынан 8 шақырым қашықтыққа болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер олардың көмекке мұқтаж екенін көріп, құтқарушыларға хабар берген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1993 және 1994 жылы туған ер адамдарды тауып, жағаға жеткізді.