Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландта маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2024
  • 141

Тайландта елге Африкадан келген науқастан mpox-тің (маймыл шешегі) жаңа, әлдеқайда қауіпті штамы анықтады. Бұл Азиядағы алғашқы науқас, деп жазады The Guardian.

Тайландтың Ауруларды бақылау департаментінің мәліметінше, 66 жастағы еуропалық ер адамда жүргізілген зертханалық зерттеулер оның mpox Clade 1b вирусын жұқтырғанын растады.

Науқас Бангкокқа 14 тамызда келген.

«Таиландтың ауруларды бақылау департаменті еуропалық тұрғында mpox Clade 1b бар екенін көрсететін зертханалық сынақтың нәтижесін растайды», - делінген ресми мәлімдемеде. –«Біз науқаспен байланыста болған 43 адамды да бақылап жатырмыз, қазіргі уақытта оларда ешқандай симптом жоқ, бірақ біз 21 күн бойы бақылауды жалғастыруымыз керек».

Бұған дейін Филиппинде өткен жылдың желтоқсан айынан бері елде алғаш рет mpox (маймыл шешегі) вирусының жаңа жағдайы тіркелген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы екі жылда Конго Демократиялық Республикасында аурудың екінші рет өршуінен және аурудың көрші елдерге таралуынан кейін маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялаған болатын.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.