Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да жол апатынан ауыр жарақат алған бала Оралға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2024
  • 266

Батыс Қазақстан облысында төрт адам қаза тапқан жол апаты салдарынан ауыр жарақат алғандар ем алып жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, қазіргі уақытта екі науқас Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы ауруханада емделуде.

«Сегіз жасар баланың жағдайы өте ауыр. Шамала оң өзгеріс бар. 1981 жылғы ер адамның жағдайы тұрақты ауыр. 10 жасар бала санавиациямен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жол апатынан жарақат алған адамдардың жағдайын жақсарту бағытында қолдан келгеннің бәрін жасауда», деп хабарлады ведомстводан.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.